Ссылки доступа

Кариб елдері маңында мұнай тиелген танкер аударылды


Тобаго жағалауларына төгілген мұнай. 11 ақпан 2024 жыл
Тобаго жағалауларына төгілген мұнай. 11 ақпан 2024 жыл

Тринидад және Тобагоға жақын маңда мұнай тиелген танкер аударылды. Танкердің туы мен экипажы жоқ. Мұнай төгілген аймақта төтенше жағдай жарияланды.

«Жағдай бақылаудан шығып кетті» деп мәлімдеді Тринидад және Тобаго премьер-министрі Кит Роули. Мамандар бірнеше күннен бері мұнай аққан тесікті бітей алмай жүр.

Мұнай теңіз рифтері мен жағалауларды ластаған. Мыңға жуық ерікті жағалауларды мұнайдан тазартуға көмектесіп жүр. Жақын маңдағы ауылдардың тұрғындарына медициналық маска тағып жүруге немесе басқа жерге көшуге кеңес берілді. Билік басқа елдерден көмек алудан бас тартпайды.

Жүз метрлік «Гольфстрим» танкері Тринидад және Тобаго маңында 7 ақпанда аударылған. Ол апатқа ұшырағаны туралы дабыл қақпаған. Танкердің туы мен экипажы жоқ. Бірақ ұзын арқан табылған. Соған қарағанда, бұл танкерді басқа бір кеме тартып келе жатқан болуы керек.

XS
SM
MD
LG