Бұл туралы "Пруфы" басылымы дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.
Басылым білдіргендей, бұл істер бойынша айыпталушылардың дені қамауға алынған. Олардың арасында төрт әйел бар. Ең кішісі 20 жаста, үлкені 60 жаста.
17 қаңтарда Башқұртстанның Баймақ қаласында аудандық сот шешімімен жергілікті экобелсенді, Құштау тауын қорғаушылардың бірі Фаил Алсынов "жек көрушілік және қастықты қоздырды" деген айыппен төрт жылға сотталған.
Осыдан кейін жергілікті тұрғындар бас көтеріп, оның босатылуын талап етіп жаппай митингке шыққан.