Ссылки доступа

Украина Кахов ГЭС-і үшін Ресейден 2,5 млрд доллар өндіруді көздейді


Украинаның "Укргидроэнерго" компаниясы Кахов ГЭС-інің бұзылуына байланысты Ресейден өтемақы алу үшін халықаралық арбитраждық сотқа шағымданды.

"Укргидроэнерго" есебі бойынша, өтемақы сомасы 2,5 млрд долларды құрайды. Мамандар Кахов ГЭС-ін 6-7 жыл ішінде, аймақ босатылғаннан кейін қалпына келтіруге болады деп есептейді.

Компания мәлімдемесінде сотқа арыздануға 1998 жылдың Украина мен Ресей үкіметі арасындағы Инвестицияларды дамыту және өзара қорғау келісімі негіз болғанын атап өтті. Бұл келісім 2025 жылдың 27 қаңтарына дейін күшінде екен.

Кахов ГЭС-і дамбасы былтыр 6 маусымға қараған түні жарылған. Су тасқыны Днепрдің екі тарабындағы елуден астам елді-мекенді шайып кетті.

Днепр өзеніндегі ірі дамбаның жарылуына Киев Мәскеуді айыптаған. Кремль Кахов ГЭС-індегі жарылысқа қатысы жоқ екенін білдірді.

XS
SM
MD
LG