Ссылки доступа

Украина Ресей шабуылынан кейін Еуроодаққа электр энергиясын экспорттауды тоқтатты 


Украинаның энергетика министрлігі 11 қазанда Еуроодаққа электр энергиясын экспорттауды тоқтатты деп хабарлады. Бұл Ресей тараптан зымыран шабуылдарынан кейін энергетика жүйелерін тұрақтандыру үшін қажет екені айтылған. 

10 қазанда Украина астанасы Киев қаласында бірнеше жарылыс болды, жарылыс қаланың әр өңірінде жалғасты. Днепр, Житомир, Тернополь, Львов қалалары да зымыранмен атқыланды.

Украина президенті Владимир Зеленский елдің барлық аумағының азаматтық және энергетикалық нысандары зымыранмен атқыланғанын мәлімдеді.

Бірер күн бұрын Ресей президенті Владимир Путин Қауіпсіздік кеңесінің отырысында Қырым көпіріне теракт жасады деп Украинаны айыптаған. Қауіпсіздік кеңесінде қабылданған шешім ресми жарияланбады.

XS
SM
MD
LG