Оның сөзінше, бұл қаражат мұғалімдер мен құтқарушылардың жалақысы және әлеуметтік төлемдер ретінде жұмсалады.
Шмыгал қолдау үшін АҚШ пен Дүниежүзілік банкке алғысын білдіріп, бұл көмек Украинаға "қаржылық кезеңнен сенімді өтетінін" атап өтті.
Украина биыл АҚШ-тан жалпы 7,8 млрд доллар алады. Ресей толық масштабты басып кірген 2022 жылдан бері Вашингтон украин бюджетін қолдау үшін берген қаражат көлемі 27 миллиард долларға жетті.