Ермактың сөзінше, орыстардың тұтқынында болған 100 әскери және Энергодар мэрінің орынбасары Иван Самойдюк Украинаға қайтарылған. Самойдюкті былтыр наурыз айында орыс сарбаздары ұрлап әкеткен болатын. Босатылғандардың арасында Мариупольді қорғаған 94 әскери бар. Оның ішінде 63-і "Азовстальді" қорғап тұрған.
Ресей қорғаныс министрлігі болса, босатылғандар ұшақпен Мәскеуге жеткізіліп, сол жақта емдеуден өтенінін хабарлады.
Алдыңғы тұтқын алмасу ақпан айының басында өткен. Онда 63 ресейлік пен 116 украиндық үйіне қайтқан. Жалпы Ресей қолында болған 1863 украин тұтқыны Украинаға оралды.