Олимпиада ойындары қарсаңында Парижде өткен жарыста Магучих 2 метр 10 сантиметр биікке секіріп, әлем рекордын жаңартты.
Осыған дейінгі рекорд - 2 метр 9 сантиметрді 1987 жылғы тамызда болгар спортшысы Стефка Косадинова орнатқан.
Ярослава Магучих әлемнің екі дүркін, Еуропаның төрт дүркін чемпионы. 2020 жылғы Олимпиада ойындарында ол қола жүлде алған.
2022 жылғы көктемде Магучих Ресейдің Украинаға басқыншылығы салдарынан туған қаласы Днепрден кетуге мәжбүр болған.