Лебап тұрғыны Мерген шілде айының соңында Каспий жағалауына демалуға келіп, бірақ теңіз деңгейінің он метрге дейін төмен түсіп кеткенін көрген.
Авазаның жағалауы құмға-тасқа айналғанын, теңіз 25-30 метрге дейін кері кеткенін байқаған.
"Теңіз толқыны жағалауға дейін жетіп жататын. Қазір ештеңе қалмапты. Су жағасы тоғайға айналып кетіпті. Теңізде емес, арықта шомылғандай күй кештім", - дейді Мерген.
Аваза жағалауындағы қонақ үйлердің дені өз бетінше тығырықтан шығу жолын іздеп жатыр. Су кеуіп қалған жағалауға талдар отырғызып, ол жерге жазғы мейрамхана салып жатыр.
Каспий теңізінің Түркіменстан бөлігіндегі деңгейі тартылып жатқанын Азаттық осыдан екі жыл бұрын көтерген. Бірақ түркімен билігі бұл мәселе жайында әлі күнге дейін тіс жарып айтпай келеді.
Қазақстан, Әзербайжан, Иран, Ресей және Түркіменстан аумағында орналасқан Каспий теңізінің жалпы көлемі 368 шаршы шақырымды құрайды. Бұл Жапония аумағынан көп.