Аты-жөнін айтудан бас тартқан азамат орыс әйелімен отбасы құрғанын, балалары барын, Ресейде тұруға рұқсат берілген құжаты болғанына қарамастан осындай шешім шығарғанын айтып берген.
Тәжік азаматы еліне барып, Ресейге қайтқанда Мәскеу әуежайынан оны шекарашылар қамап, бірнеше сағаттан кейін кері депортациялаған.
Биыл көктемде Мәскеу аймағында "Крокус Сити Холлда" болған терактіден кемінде 145 адам қаза тапты. Бұл іске айыпталушылардың дені тәжік азаматтары.