Ссылки доступа

Өзбекстанда "Екінші әйеліңе қамқорлық жаса" деген жарнамалық баннер алынып тасталды  


Өзбекстанда тұтынушылардың құқығын қорғау және бәсекелестікті дамыту жөніндегі комитеттің талабы бойынша Mobile Retail (Elmakon) компаниясының көлік жабдықтарына арналған жарнамалық баннері алынып тасталды.

Онда "Екінші әйеліңе қамқорлық жаса" деген жазу болған деп хабарлайды мекеменің ресми телеграм-каналында.

Жарнама бірнеше аймақтарда ілінген. Аталған комитет жарнамадағы жазуды "этикаға, жарнама талаптарына сай келмейді" деп тапқан.

Mobile Retail компаниясының өкілі Азиз Абдумажитов Өзбекстанда "көліктерді екінші әйел деп есептейтінін және оған қамқорлық керек екенін жеткізді.

Өзбекстан заңдары көп әйел алуға тыйым салады. Отбасы кодексінің 16-бабына сәйкес, ресми некесі бар адамдар басқа біреуге үйлене алмайды. Елдің Қылмыстық кодексіне сәйкес, көп әйел алғаны үшін 50-100-ге дейін ең төменгі айлық ақы көлемінде айыппұл төлейді. Сонымен бірге түзету жұмыстарына тарту және үш жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Президент Шавкат Мирзияев 2017 жылы заңды неке куәлігі жоқтардың некесін қиған имамдар жазаланатынын білдірген. Онда мемлекет басшысы елде шариғат заңдарына сәйкес неке қиып, екінші әйел алғандар көп екінін, олардың дені Ташкентте тұратынын айтқан.

XS
SM
MD
LG