Ссылки доступа

Өзбекстанда фестивальде Украинадағы соғыс жайында "Шығыс майданы" фильмін көрсетуге тыйым салынды


Өзбекстанның мәдениет министрлігі "Артдокфест – Азия" деректі фильмдер фестивалі аясында режиссерлор Виталий Манский мен Евгений Титаренконың "Шығыс майданы" атты Украинадағы соғыс жайында түсірген фильмін көрсетуге тыйым салды.

Бұл жөнінде Манский өзінің Facebook парақшасына жазды.

"Бұл тәуелсіз 139 Documentary Center алаңы жұмыс істей бастаған төрт жылдан бергі алғашқы жағдай болып тұр. Сәлеметсіз бе, "Орыс әлемі", - деп жазды режиссер.

"Шығыс майданы" фильмінің премьерасы 2023 жылдың 24 наурызында Ресей Украинаға соғыс бастағанына бір жыл толғанда Берлиндегі фестивальде көрсетілген.

Фильм отбасын алыс тылға жеткізіп, өздері соғысқа аттанған бес украиналық жайында. Фильм 2022 жылы 24 наурызда соғыстың алғашқы күндерінен бастап түсірілген, оған "Настоящее Время" телеканалы қолдау көрсеткен.

"Артдокфест" фестивалін режиссер Виталий Манский 2007 жылы Мәскеуде құрған. 2020 жылы биліктен қысым көруіне байланысты фестиваль Ригаға көшірілген. Бүгінгі күндері Балтика және Шығыс Еуропа документалистика форумы аясында жұмыс істейді.

Өзбекстанда "Артдокфест – Азия" фестивалі алғашқы рет 2021 жылы 139 Documentary Center алаңында өткен.

XS
SM
MD
LG