Ссылки доступа

Жапонияда жолаушылар ұшағы өртенді


Токио әуежайында өртеніп жатқан ұшақ. 2 қаңтар 2024 жыл.
Токио әуежайында өртеніп жатқан ұшақ. 2 қаңтар 2024 жыл.

Жапонияның Japan Airlines (JAL) әуе компаниясының Airbus A350 жолаушылар ұшағы Токиодағы Ханеда әуежайына қона бере өртке оранды. Бұл туралы NHK телеарнасы хабарлады.

Жапон басылымдары ұшақтағы 379 жолаушы мен экипаж мүшелері эвакуацияланғанын мәлімдеді.

Kyodo сайты өрт сөндіру қызметіне сілтеме жасап, жолаушылар ұшағы Жапонияның жағалау күзетінің ұшағымен соқтығысқанын жазды.

Reuters агенттігінің хабарлауынша, жағалау күзетінің ұшағы жер сілкінісінен зардап шеккен Исикава префектурасына көмек әкетіп бара жатқан. Бұл ұшақтың бортында алты адам болған. AFP агенттігі Жапонияның транспорт министрлігіне сілтеме жасап, бұл ұшақтағы бес адам қаза тапқанын, бір адам аман қалғанын мәлімдеді. Жапонияның NKH телеарнасы аман қалған ұшқыштың жағдайы ауыр деп жазды.

Елдің жер, инфраструктура, транспорт және туризм министрлігі тергеу басталғанын хабарлады.

Japan Airlines ұшағы Хоккайдо аралынан Токиоға ұшып келген.

XS
SM
MD
LG