Ссылки доступа

Алматы қаласында кісі танитын бақылау жүйесі енгізіледі


Алматы билігі кісі танитын бейнебақылау жүйесін енгізуді көздеп отыр, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Алматыны 2025 жылға дейін және 2030 жылға дейін дамыту бағдарламаларында осындай жүйе енгізу жоспары туралы айтылған. Құжатқа сәйкес, 2025 жылға дейін қалада 7 мың бейнебақылау камерасы орнатылады.

"Есепте тұрғандар мен із-түссіз жоғалғандарды шұғыл іздестіру, әуежай, вокзалдар және адам көп жиналатын жерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2026 жылдан бастап бейнебақылау жүйелерінің бәріне кісі танитын сараптама қызметі енгізіледі", - деп жазылған құжатта.

2027 жылға дейін Алматы билігі терроршылар оңай басып алуы мүмкін жерлерге және көп қабатты тұрғын үйлердің аулаларына бақылау камераларын орнату ісін дамытады.

Ресей билігі кісі танитын жүйелерді адамдарға бақылау орнату, азаматтардың белсенділігін басу мақсатында жиі падаланады. Осындай жүйенің көмегімен ұсталғандар, айыппұл алғандар саны жыл сайын өсіп келеді, деп хабарлады "ОВД-Инфо" . Дегенмен ресми құжаттарда адамдарды ұстау үшін кісі тану жүйесі қолданылғаны айтылмайды. Мәскеу қаласында 200 мыңнан астам бақылау камералары орнатылған. Кісі танитын жүйелер Қытайда да кең қолданылады. Алматы қаласында нақты қай елдің бақылау камералары орнатылатыны әзірге белгісіз.

Ресей билігі азаматтарды не үшін аңдиды:

XS
SM
MD
LG