Ссылки доступа

Тәжікстан армиясында тағы бір сарбаз қаза болды (видео)


Тәжікстан армиясында қызмет етіп жүрген сарбаз Солехджон Солиев қаза болды.

Әскери прокуратура мен бөлім командирлері «өз ажалымен өлді» деген, алайда сарбаз мәйітін туыстарына тапсыру кезінде оралған матаны ашпай, бірден жерлеуді сұраған.

Марқұмның анасы Наргис Пирова жерлеу рәсімі қарсаңында баласы оралған материалды ашып, оның денесінде, сонымен бірге басында да жарақаттар мен көгерген іздер барын көрген.

Солиевтің анасының айтуынша, ол армияға 2023 жылғы қазанда кеткен. Солехджон Душанбе маңындағы Айни әуе базасында қызмет атқарған. Туыстары оны соңғы мәрте 2 мамырда көрген, ал бір аптадан соң сарбаздың мәйітін алып келген. Әскери бөлімдегілер сарбаз өлімінің себебін сол күйі айтпаған.

Екі айдан кейін ғана әскери прокуратура туыстарына бір парақ қағаз ұстатқан. Онда сарбаз жүрек талмасынан өлді деп жазылған. Содан кейін мекеме сарбаз өлімін тексеруді тоқтатқан.

Марқұмның туыстары бұған сенбейді, оны армияда аямай ұрған деп есетейді.

Тәжікстан омбудсменінің мәліметінше, 2023 жылы елдің қарулы күштерінде 40 әскер қызметкері қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG