Ссылки доступа

Түркіменстанда қайыршы көбейді


Көшеде қайыр тілеп отырған ана (көрнекі сурет)
Көшеде қайыр тілеп отырған ана (көрнекі сурет)

Түркіменстанның біраз жылға созылған экономикалық дағдарысының зардабын ең әуелі кедей отбасылар мен қарт адамдар тартып жатыр. Ашғабат көшелерінде қайыр сұрап тұрған қарттар мен балалы әйелдер көбейген.

«Сауда орталықтарында, базарларда қайыр сұрап тұрған 60-70 жастағы қарттарты, 30-40 жастағы балалы әйелдерді жиі кезіктіруге болады. Олар үйлерді де аралайды. Әркімнің есігін қағып, қайыр сұрайды» дейді астана тұрғыны.

Қайыр тілеп тұрғандар жұмыс жоқ, жалақы мен мемлекеттің жәрдемақысы тым мардымсыз екенін айтады.

«Біз мемлекеттен 500-600 манат жәрдемақы мен зейнетақы аламыз. Қазір бір қап ұн 300-350 манат, қазақ ұнының бір қабы 550-650 манат тұрады. Мұндай ақшаға қалай күн көруге болады?» дейді көшеде кішкентай баласымен қайыр сұрап тұрған әйел.

Түркіменстанда 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақы, зейнетақы, мемлекеттік жәрдемақы мен стипендия 10 пайызға көтерілген. Президент Сердар Бердымұхамедовтің мәлімдеуінше, мұндай шешім халықтың жағдайын жақсарту мақсатында қабылданған.

Түркіменстан тұрғындарының пікірінше, президенттің мұндай «жомарттығы» халық тұрмысын еш жақсартпайды, өйткені елде жылдан жылға азық-түлік қымбаттап барады.

XS
SM
MD
LG