Ссылки доступа

Башқұртстанда эко-белсенділерді жаппай ұстау жүріп жатыр


Эко-белсенді Фаил Алсыновты қолдау акциясы. Баймак соты ғимараты, 15 қаңтар, 2024 жыл.
Эко-белсенді Фаил Алсыновты қолдау акциясы. Баймак соты ғимараты, 15 қаңтар, 2024 жыл.

Башқұртстанда құқық қорғау органдары қызметкерлері Құштау тауын қорғаушы Фаил Алсыновқа сот үкімі шығар алдында оған қолдау білдіріп жатқан эко-белсенділерді жаппай ұстап жатыр.

Idel.Реалии басылымының мәліметінше, ұсталғандардың арасында "Башқұрт" ұйымының бұрынғы басшысы Илнар Галин, Құштау белсендісі Юлай Аралбаев, Рафаил Абдрахманов, Фанзиль Ахметшин бар. Полиция сонымен бірге былтыр шабуылға ұшыраған Илдар Юмагуловты да ұстаған.

17 қаңтарда Құштау қорғаушыларының бірі Фаил Алсыновқа қатысты сот шешімі шығуы тиіс. Ол жеккөрушілік пен араздықты қоздырды деп айыпталып жатыр. Тергеу мәліметінше, ол сөзінде "Кавказ, Орта Азия тұрғындары мен армяндарды" кемсіткен. Белсенді болса мұны теріске шығарады.

Алсынов "Башқұрт" ұйымын басқарған. Бұл ұйымды 2020 жылы Ресей билігі экстремистік деп танып, қызметіне тыйым салған.

"Құштау Байрам" телеграм-каналының жазуынша, қазір республикада WhatsApp мессенджері жұмыс істемей тұр.

2018 жылы Құштау тауын "Башқұрт сода компаниясына" әк қазу мақсатында берген. Бұл шешімге жергілікті тұрғындар қарсы шыққан. Осыдан кейін көптеген белсенділер әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

XS
SM
MD
LG