Ссылки доступа

Батумиде ресейлік туристер мінген лайнердің кіруіне қарсы акция өтті


Батуми портындағы наразылық
Батуми портындағы наразылық

Ресейлік туристер мінген Astoria Grande круиз лайнері Грузиядағы Батуми портынан наразылық акциясына байланысты кетуге мәжбүр болды. Бұл туралы "Эхо Кавказа" хабарлады.

Сочиден бес күн бұрын шыққан лайнер Түркия арқылы Батуми портына 27 шілдеде таңертең жетті. Жолаушылардың Батумиді көруге бір күн уақыты болды. Порттағы наразылық акциясы кешке қарай, жолаушылар кемеге қайтып жатқан уақытта басталды.

Акцияға қатысушылар Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы шығып, ресейлік кейбір туристердің грузин журналистеріне айтқандарына наразы болды. Ресейлік туристер журналистерге Ресейдің 2008 жылғы Грузиямен соғыстағы әрекетін қолдайтынын мәлімдеген. Туристердің бірі "Ресей Абхазияны грузиндерден босатты" деп жауап берсе, тағы бір турист Абхазияда болғанын айтқан.

Наразылыққа жиналғандар Абхазия мен тамыз соғысындағы суреттерді ұстап тұрып, Грузия әнұранын шырқады. Акция басталғаннан бір сағаттан кейін лайнер Батуми портынан кетті.

Наразылық акциясы Тбилисидегі грузин парламенті алдында да өтті. Бірнеше белсенді ол жерде Ресей туын өртеді. Грузияның жас заңгерлері қауымдастығы ІІМ-нен грузин заңдарын бұзғандарға шара қолдануды талап етті. "Эхо Кавказа" басылымының жазуынша, Абхазияға барғандар "басып алынған аумақ туралы заңды бұзады". Ресейлік туристердің бірі Абхазияда болғанын мойындаған.

Грузия Абхазия мен Оңтүстік Осетияны Ресей басып алған аумақтар деп есептейді.

XS
SM
MD
LG