Ссылки доступа

Беларусьта "мемлекетке қастандық жасады" деген бапқа өлім жазасы енгізіліп жатыр 


Беларусь парламенті 
Беларусь парламенті 

Беларусь парламенті "Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу жөніндегі" заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады. Онда мемлекетке сатқындық жасады деген шенеуніктер мен әскерилерге өлім жазасы ұсынылған. 

Заң жобасы көпшілік дауыспен мақұлданды деп хабарлайды Азаттықтың беларусь қызметі.

Депутаттар сонымен бірге Қылмыстық кодекстің "Диверсия" бабына да өзгерістер енгізді. Бұдан бөлек беларусь армиясы жайлы жалған ақпарат таратқандарға қылмыстық жауапкершілік көздейтін бап та енгізген.

Беларусь Еуропадағы өлім жазасы алынбаған жалғыз ел. 1990 жылдары елде 400-ден астам адамға өлім жазасы енгізілді.

Былтыр мамыр айында Александр Лукашенко теракт жасағандарға өлім жазасын тағайындайтын заңға қол қойды. Беларусьта әдетте билікке қарсы ой айтатын оппозиция өкілдеріне террористік әрекет жасады деген айып тағады.

XS
SM
MD
LG