Алмас канадалық Lucara Diamond компаниясы істеп жатқан кенде табылған. FT басылымы алмас бизнесіне жақын дереккөзіне сүйеніп, оның бағасы 40 миллион доллардан көп екенін жазды.
Lucara компаниясының бас директоры Уильям Лэмб мұны алмас саласының беделін көтеру мақсатта пайдаланатынын жеткізді. Бұл тастың табылғаны жөніндегі ақпараттан кейін Lucara акцияларының бағасы 40% қымбаттады.
Бұл "Африка жұлдызы" деген атпен белгілі "Куллинан" атты алмастан кейінгі ең жоғарғы зергерлік сипаттағы алмас болып қалды.