Ссылки доступа

Британияда 13 жастағы баланың басына жаңа нейростимулятор орнатылды


Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Ғалымдар ауыр эпилепсиядан зардап шеккен науқастардың миының стимуляциясы қауіпсіздігіне баға беруге әрекет етіп жатыр.

Ауыр эпилепсиямен ауырған 13 жастағы Оран Ноулсон әлемдегі жаңа нейростимуляторды - талманы бақылау үшін бас сүйекке имплантацияланған аппаратты сынаған бірінші науқас болып қалды. Бұл жөнінде BBC хабарлайды.

Аппарат жіберген сигналдар миға терең кіреді, мұның нәтижесінде баланың күндізгі талмаларының жиынтығы бес есеге қысқарады.

Клиникалық сынау аясында ота былтыр қазан айында Лондондағы балалар ауруханасында жасалған.

Оранды емдеу CADET жобасының бір бөлігі болып саналады.

Жаңа аппаратты британиялық Amber Therapeutics компаниясы жасап шығарған.

Қазір Оран атқа мінумен айналысып жүр. Мұндай тәжірибе тағы үш балаға жүргізілмек.

XS
SM
MD
LG