Ссылки доступа

Дағыстанда мобилизацияға қарсылық білдірген митингіде 100-ге жуық адам ұсталды


Махачкаладағы митингі. Дағыстан, 25 қыркүйек, 2022 жыл.

Бүгін, 26 қыркүйекте Дағыстанның Махачкала қаласында Путиннің ішінара мобилизациясына қарсылық күшейіп, 100-ден астам адам қамауға алынған. Бұл жөінде Кавказ.Реалии хабарлады.

"25 қыркүйекте мобилизацияға қарсылық акциясына 300-ден астам шығып, Махачкаладағы қуыршақ театрының алдына жиналған» дейді Кавказ. Реалии.

Дағыстанның "Черновик" басылымының мәліметінше, полиция қызметкерлері бірнеше ер адамды ұстағанда әйелдер акцияға араласқан. Оған қарамастан ер адамдарды алып кеткен. "Әйелдер алып қала алмады. Оларды полиция балағаттап қуды", – дейді басылым.

Махачкала мэрі Салман Дадаев наразылыққа шыққандарды "қаланың 165 жылдығына арналған іс-шараны бұзуға талпынғандар мен мемлекетке қарсы әрекетке шақырып, арандатушылар" деп атаған.

25 қыркүйекте Дағыстанның Хасавюрт ауданындағы құмықтардың Эндирей ауылында жергілікті 100-ге жуық тұрғын мобилизацияға қарсылық білдірген. Полиция аспанға оқ атуға мәжбүр болған.

25 қыркүйекте Нальчиктегі Үкімет үйінің алдына да екі жүзге жуық әйел жиналып, Украинадағы соғыс пен мобилизацияға қарсылық білдірген.

21 қыркүйекте Ресей президенті Владимир Путин ішіна мобилизация жариялаған соң Ресейде наразылық күшейген. Әскерге жарамды азаматтары шетелге қашып, бір бөлігі Қазақстанға келген.

XS
SM
MD
LG