Ссылки доступа

Тәжікстанда Халықтық-демократиялық партияның төрағасы алмасты


11 мамырда Душанбеде Тәжікстанның Халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс құрылтайы өтіп, жаңа лидер сайланды.

Делегаттар шешімі бойынша, Садиджафар Усмонзода партия төрағалығы қызметінен алынып, оның орнына Шахбози Аброр сайланған.

Партияның бірқатар мүшелері бұрынғы төрағаның қызметінен алынуына, "оның жұмысына наразылық" себепші болғанын айтады.

Экс-төраға Усмонзоданың өзі құрылтайға қатыспады.

Партия төрағасы болып сайланған 34 жастағы Шахбози Аброр осыған дейін партияның Душанбе қаласындағы бөлімшесін басқарған. Ол қазір "Тәжікфильм" студиясында жұмыс істейді.

Ресми түрде оппозициялық партия деп есептелген Тәжікстанның халықтық-демократиялық партиясы 1991 жылы құрылған. Тәжікстанда азаматтық соғыс аяқталғаннан кейін партияны Махмадрузи Искандаров басқарды. 2006 жылы ол қамауға алынып, кейін партия екіге бөлініп, бірін Саидджафар Усмонзода, екіншісін Рахматулло Валиев басқарған. 2013 жылы әділет министрлігі тексеріп, нәтижесінде партияның жаңа жарғысы қайта тіркеліп, партияның ресми түрдегі басшысы Саидджафар Усмонзода деп танылған. Кейін ол парламент депутаты болды.

Бұрынғы демократтар Усмонзоданы "партияны биліктің "қолбала" партиясына айналдырды деп айыптап келеді.

XS
SM
MD
LG