Ссылки доступа

Дума шетел азаматтарының Ресейде уақытша тұру тәртібін қатайтады


Ресей думасының ғимараты
Ресей думасының ғимараты

Ресей мемлекеттік думасының спикері Вячеслав Володин Ресей азаматтарымен некеде тұрған шетел азаматтарының елде уақытша тұру тәртібін қатайтуды көздейтін заң жобасын талқылауды ұсынды.

РБК мәліметінше, Володин бірінші оқылымда қабылданған заң жобасына осындай өзгеріс енгізген.

Құжаттың алғашқы нұсқасында шетел азаматтары ресейлікпен некеге тұрғаннан екі жылдан кейін елде уақытша тұруға жеңілдікпен рұқсат ала алатын. Дума спикері мерзімді үш жылға дейін ұзартуды ұсынып отыр. Оның пікірінше, тәртіп өзгергеннен кейін шетел азаматтарының жалған некенің көмегімен Ресейде тұруды заңдастыруға ұмтылысы азаюы тиіс.

"Крокус Сити Холл" концерт залына жасалған шабуылдан кейін Ресейде еңбек мигранттарына қарсылық күшейген. Елдің түрлі өңірлерінде тексерулер ұйымдастырылып, заңсыз мигранттарды елден шығара бастады. Жыл басынан бері ІІМ 65 мыңнан аса шетел азаматын Ресей аумағынан шығарып, 120 мың адамды елге кіргізбей қойды. Содан кейін еңбек мигранттарының Ресейге баруы азайды. Экономистердің пікірінше, мұндай жағдай Ресейде маман тапшылығын туғызады.

XS
SM
MD
LG