Ссылки доступа

Ереванда мыңдаған адам парламент пен СІМ ғимаратын қоршап тұр 


Арменияның ұлттық мәжілісі ғимараты жанындағы наразылық білдірушілер. 4 мамыр, 2022 жыл.  
Арменияның ұлттық мәжілісі ғимараты жанындағы наразылық білдірушілер. 4 мамыр, 2022 жыл.  

Ереванда Армения премьер-министрі Никол Пашинянның отставкасын талап еткен он мыңдаған адам Ұлттық мәжіліс ғимаратын қоршап алған. Азаттықтың армян қызметінің хабарлауынша, полиция мен белсенділер арасында қақтығыс болған.  

Наразылық білдірушілер елдің сыртқы істер министрлігі ғимаратын да қоршап алған. Акцияға қатысушылардың бірі ғимаратқа кіріп, Таулы Қарабақтың туын ілген. Кейін ол адамды полиция ұстаған.

Оппозиция лидерлерінің бірі Ишхан Сагательян халықты алаңда қалып, ғимарат есігін "сындырып кіруге" шақырды. "Таулы Қарабақтың құқығын қорғамайтын үкімет мүшелері кетсін", - деді ол.

Арменияда үкіметке қарсы жаппай наразылық шарасы 25 сәуірде басталған. Оппозиция премьер-министр Әзербайжанмен Таулы Қарабақтың тәуелсіздігін мойындайтын келісімге қол қоймақшы деп айыптайды.

Никол Пашинян Армения билігіне 2018 жылы революция арқылы келген. 2021 жылы ол қайта сайланды.

XS
SM
MD
LG