Ссылки доступа

Internews қорының бұрынғы директоры Манана Асламазян жол апатынан қайтыс болды


Манана Асламазян (архивное фото)
Манана Асламазян (архивное фото)

Internews қорының бұрынғы бас директоры, ТЭФИ сыйлығының иегері Манана Асламазян Ереванда қайтыс болды. Оны автокөлік қағып кетті. Бұл туралы журналист Виктор Мучник фейсбуктегі парағында хабарлады.

"Бүгін Ереванда Манана Асламазян қайтыс болды. Көлік қағып кетті. Отыз жыл дос болдық... Бүгін кешке кездесеміз дегенміз. Жүздеспедік. Хабарласпағанынан секем алып, оны іздеуге шықтық. Жансақтау бөліміндегілер оны ажалдан арашалап қалу мүмкін болмағанын айтты", - деп жазды Мучник.

Манана Асламазян 1952 жылғы 10 қаңтарда Ереванда дүниеге келді.

Ол Ресейде Internews қорын басқарды. Бұл ұйым кеңсесі АҚШ-та орналасқан Internews International қауымдастығының құрамына кіреді. Қор тәуелсіз БАҚ-қа қолдау көрсетумен айналысады.

XS
SM
MD
LG