Жергілікті билік мәліметінше, атыс Виертола мектебінде болған. Мұнда 800-ге жуық бала оқиды, 90-ға жуық адам жұмыс істейді.
Полицияның мәліметінше, 13 жастағы күдікті ұсталған. BBC телеарнасының хабарлауынша, жараланған балалар да 13 жаста.
«Қауіп сейілді» деп мәлімдеді мектеп директоры. Ол оқиға туралы толық мәлімет беруден бас тартты.
Вантаа – Финляндиядағы төртінші ірі қала. Мұнда 240 мыңға жуық адам тұрады.