Ссылки доступа

Германияда ереуілге байланысты ұшақтар ұшпай, пойыздар тоқтады


Франкфурттағы вокзал
Франкфурттағы вокзал

Германияда 27 наурызда көлік саласындағы жұмысшылардың алдын ала ескерту ереуілі өтіп жатыр. Ірі ереуіл 24 сағатқа созылады.

Наразылық акциясын EVG темір жол одағы мен Verdi кәсіподағы ұйымдастырды. Ереуіл Германиядағы темір жолдар мен әуежайлар жұмысына, аймақтардың кейбіріндегі қоғамдық көліктер жұмысына әсер етті.

Дүйсенбі күні елдегі әуежайларда рейстердің дені ұшпай қалды. Олардың арасында ең ірі Майндағы Франкурт пен Мюнхен әуежайлары бар. Берлин әуежайы ғана жұмыс істеп тұр.

Deutsche Bahn темір жол концерні 28 наурызға дейін алыс сапарға шығатын пойыздар қозғалысы тоқтағанын хабарлады. Қалааралық пойыздардың кейбірі де жүрмей қалды. Жеті аймақта қоғамдық көлік қызметкерлері ереуілдеп жатыр. Дегенмен автобустардың кейбірі жүріп тұр. Германияда ереуіл кезінде пайдаланатын кесте бар.

Ереуілге шыққандар экономикалық талаптар қойды. Кәсіподақтар Германияда инфляция күрт өскенін алға тартып, жалақыны кем дегенде 10,5 пайызға көтеруді талап етті. Теміржолшылардың талабы одан да жоғары - 12 пайыз.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, Германияда мұндай ірі ереуіл соңғы рет 1992 жылы өткен. Билік өкілдері кәсіподақтармен келіссөз жүргізіп жатыр. Келіссөздердің кезекті раунды сәрсенбіге дейін созылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG