Бұл жөнінде Ресей парламентінің төменгі палатасының телеграм-каналы хабарлады.
Тиісті өзгерістер 5 тамызға дейін қаралуы мүмкін.
Бұдан бөлек Мемлекеттік дума төрағасы Вячеслав Володин бірқатар комитет басшыларына мигранттарды әскери тіркеуге алуға байланысты жаңа жоба дайындауды ұсынған.
Оған сәйкес, орыс азаматтығын алудағы негізгі шарттардың біріне әскери тіркеуге алу талабы кіреді. Мигранттарға Ресей паспорты берілген кезде, оларды бірден әскери тіркеуге алатын болады.