Ссылки доступа

Ирактағы наразылық кезінде 20-дан астам адам қаза болды


Сторонник Муктады ас-Садра, Ирак
Сторонник Муктады ас-Садра, Ирак

Бағдат қаласында шииттер лидері Муктада ас-Садр жақтастары мен құқық қорғау органдары арасындағы қақтығыста жиырмадан астам адам қаза болды, деп хабарлады Al Hadath бен Al Jazeera.

Бұның алдында Al Arabiya телеарнасы мен Associated Press 15 адамның қазасы туралы хабарлаған.

"Полиция атқан оқ пен көзден жас ағызатын газдан және қақтығыстан кем дегенде 15 шеруші қаза болып, ондаған адам жараланды", – делінген AP таратқан мәліметте.

Дәрігерлердің хабарлауынша, он адам атыс кезінде оққа ұшқан. Al Arabiya тілшісі қаза болғандар арасында екі ирак әскериі болғанын растады. Al Hadath мәліметінше, 350 адам атыстан немесе көзден жас ағызатын газдан зардап шеккен.

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Иракты қақтығысты доғаруға шақырды. Оның баспасөз хатшысы Стефан Дюжариктің мәлімдеуінше, ұйымның бас хатшысы "наразылықтарға қатты алаңдап отыр".

"Ол адам шығыны туралы хабарларға мазасызданды. Жанжалдасушы тараптарды сабырға, күш қолданбауға шақырады"", – дейді баспасөз хатшысы.

Ықпалды шиит дін қызметкерлері Муктада ас-Садр саяси қызметін аяқтағанын жариялаған соң Иракта наразылық шиеленісіп кетті. Муктада мұндай шешімін елдегі саяси жағдай тығырыққа тірелгенімен түсіндірген.

Оның жақтастары Бағдатта үкімет штабы орналасқан Республика сарайына басып кірді. Шииттер "Үйлестіру құрылымының " премьер-министр қызметіне Мұхаммед ас-Суданиді ұсынғанына қарсы шықты. Ирак билігі елдің барлық аймағында комендант сағатын жариялады.

XS
SM
MD
LG