Ссылки доступа

Pussy Riot мүшесі Айсолтан Ниязова Хорватияда ұсталды


Айсолтан Ниязова
Айсолтан Ниязова

Хорват полициясы ресейлік Pussy Riot панк-тобының мүшесі Айсолтан Ниязованы Түркіменстанның Интерполаға түсірген арызы негізінде ұстады. Ашғабат бұл ордерді 2003 жылы жолдаған.

Экстрадициялау туралы шешімді Хорват соты қабылдайды.

Түркіменстан Ниязоваға 2002 жылы Орталық банкке тиесілі 40 миллион доллар ұрлады деген айып тағып отыр. Pussy Riot мүшелері істің саяси астары барын айтып, оның оппозицияға өткен әкесі түрмеде қайтыс болғанын мәлімдеген.

Түркімен белсендісі соғысқа қарсы Riot Days турына қатысқан. Ниязованы өткен аптада Словенияда ұстаған, бірақ сот оны 10 сағаттан соң босатқан. Содан кейін панк-топ Хорватияға бет алған. Ниязованы Словениядан Хорватияға өтіп бара жатқан уақытта ұстаған.

XS
SM
MD
LG