Ссылки доступа

Индонезия туристерге де некесіз жыныстық қатынасқа тыйым салынатын заң жобасын мақұлдады  


Индонезия

Индонезия парламенті некесіз жыныстық қатынасқа тыйым салынатын Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер мен түзетулерді мақұлдады. Бұл бап туристерге де тиесілі. Заңды бұзғандарға түрме жазасы көрсетілген. 

Бұл өзгерістерді елдегі барлық саяси партия өкілдері қолдады. Тек туризм өкілдері ғана қарсы болды. Олар коронавирус пандемиясынан кейін туризм саласы енді қалпына келіп жатқанда, бұл заң туристердің келуіне кедергі болады дейді.

Осыған дейін 2025 жылға қарай алты миллион турист келеді деп болжанған. Оның үстіне "цифрлық көшпенділерді" тарту үшін жеңілдетілген виза беруді де қарастырған. Енді жаңа заң жобасы туристерге үрей туғызуы мүмкін дейді туризм саласының мамандары.

Билік "ұлттық құндылықты сақтауға" бағытталған Қылмыстық кодекске енгізілген өзгерістер тек үш жылдан соң күшіне енетінін айтады. Заң жобасында некесіз жыныстық қатынастан өзге, қара магияға, билікті сынауға, оппозициялық пікір білдіруге тыйым салынған.

Құқық қорғаушылар бұл заң жобасы елдегі сөз еркіндігін тұншықтырады деп алаңдайды. Индонезия билігі бұл заң жобасын 2019 жылы қабылдамақ болған. Бірақ ондаған адамдар көшеге шығып, қарсылық білдіргеннен кейін, заң жобасы кері қайтарылған.

XS
SM
MD
LG