Ссылки доступа

Иранда рэпер Томадж Салехиге белгіленген өлім жазасы жойылды


 Томадж Салехи
Томадж Салехи

Иран Жоғарғы соты рэпер Томадж Салехиге белгіленген өлім жазасын жойды. Жоғарғы сот рэпер ісі бойынша сотты қайтадан өткізуді тапсырды. Бұл туралы Азаттықтың Иран қызметі - Фарда радиосы хабарлады.

24 cәуірде Ирандағы сот Салехиді өлім жазасына кескен. Ол 2022 Жылы Махсы Аминидің өлімінен кейін басталған наразылық акцияларына қолдау көрсеткен.

Салехиді 2022 жылғы қазанда ұстады. 2023 жылы Иран Жоғарғы соты оны алты жыл үш айға соттады. Кейін Исфахан қалалық соты Жоғарғы сот шешімін қайта қарап, рэперді өлім жазасына кесті.

Адвокат сот шешіміне арызданатынын мәлімдеді.

Салехи елдегі жемқорлықты, кедейлікті, биліктің белсенділерді қудалауын әнге қосқан.

XS
SM
MD
LG