Ссылки доступа

Иранда танымал рэпер өлім жазасына кесілді


Томадж Салехи
Томадж Салехи

Иран билігі танымал рэпер Томадж Салехиді өлім жазасына кесті. Бұл жөнінде сәрсенбі күні Reuters агенттігі хабарлады. Салехи 2022-2023 жылдары наразылық акциясына қатысқаны үшін айыпталды. Әнші қарсылық білдіргендерді ашық қолдап, оны әніне қосып айтты.

Салехи 2022 жылдың қазан айында ұсталған. 2023 жылы Иранның Жоғарғы соты рэперді алты жыл және үш ай бас бостандығынан айыру жөнінде үкім шығарған. Бірақ Исфахан қаласы соты Жоғарғы соттың шешімін қайта қарап, оған өлім жазасын берді.

Салехидің адвокаты Амир Раисиан бұл үкімді негізсіз деп санап, қайта шағымданатынын мәлімдеді.

Иранда 2022 жылдың қыркүйек айында студент Махсы Аминидің қазасынан кейін жаппай наразылық шарасы басталған. Амини хиджабты дұрыс тақпағаны үшін жазаға тартылған. Ол полиция бөлімшесінде қаза тапты. Куәгерлер оның азаптауға ұшырағанын жеткізген. Ал полиция болса, марқұмда инсульт болғанын айтады.

Наразылық акциясы бірнеше айға созылды. Қарсылық акциясы барысында жүздеген адам қаза тауып, мыңдаған адам жарақат алды. Бірнеше адам өлім жазасына кесілді.

XS
SM
MD
LG