Оның сөзінше, жаңа құрылған мекеме қызметкерлері әйелдердің қоғамдық орындарда хиджабты "аса жауапкершілікпен киюді" қамтамасыз ету үшін арнайы дайындықтан өткен.
"Фарда" радиосының мәліметіне қарағанда, Иранда соңғы күндері қыз-келіншектердің әдепке сәйкес жүруін бақылайтын қызмет күшейтілгені байқалып жатыр.
2022 жылы Тегеранда әдеп полициясы көшеде хиджапсыз жүргені үшін деген негізде 22 жастағы студент Махса Аминиді қамаған. Ол абақтыда қаза болды. Куәгерлер полиция оны қатты сабағанын айтты. Осыдан кейін Иранда наразылық акциясы өршіген. Бірақ жүздеген адам ұсталып, кемінде 200-дей адам өлім жазасына тартылды.