Мәліметті Израиль барлау қызметі анықтаған. Марқұмдардың мәйіттері Газа секторында қалған.
79 жастағы Хаим Пери, 80 жастағы Йорам Метцгер, 84 жастағы Амирам Купер және 51 жастағы Надав Попплвелл өлгені анықталған. Олар Нир Оз және Ниримде кепілге алынған. Барлау мәліметінше, олардың бәрі бірнеше ай бұрын қаза болған. Тұтқындардың неден өлгені анықталып жатыр. ХАМАС содырлары оларды Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнис қаласында ұстаған. Екеуінің әйелдері – Нурит Купер мен Тами Метцгер 28 қарашада тұтқын алмасу кезінде босатылған.
Былтыр 7 қарашада Израильдің оңтүстігіне жасалған шабуыл кезінде ХАМАС содырлары 251 адамды Газа секторына алып кеткен. Олардың арасында Израиль ғана емес, басқа да елдердің азаматтары болған. Қарашада тұтқындардың көбісі Израиль түрмелерінде отырған палестиналықтарға алмастырылған. Қазір ХАМАС содырлары қолында 120 адам бар. 41 адамның қаза болғаны анықталған.