Ссылки доступа

Кабулда жанкешті өзін жарып, 20 адам қаза тапты 


"Талибан" күзетшісі жарылыс орнында  
"Талибан" күзетшісі жарылыс орнында  

Ауғанстан астанасы Кабулда сыртқы істер министрлігі ғимаратында жарылыс болып, кемінде 20 адам қаза тапқан. "Әл-Жазира" телеканалының хабарлауынша, жарылысты жанкешті жасаған. 

"Талибан" қозғалысының үкіметтегі өкілі Ахмадулла Муттаки жанкешті сыртқы істер министрлігінің ғимаратына кірмек болған, бірақ оны күзетшілер тоқтатқан кезде, өзін жарып жіберді деп мәлімдеді.

Сәрсенбі күні СІМ ғимаратына Қытай делегациясы келмек болған.

Былтыр желтоқсан айында Кабулда қарулы күштер тобы қытай кәсіпкерлері тұрып жатқан қонақүйге оқ атқан. Бес қытай азаматы жараланған. Осыдан кейін қытай инвесторлары Ауғанстанмен қарым-қатынас мәселесін қайта қараймыз деп мәлімдеген.

2021 жылдың тамыз айында билікке "Талибан" қозғалысы келген. Содан бері бұл елде түрлі терактілер көбейіп кетті.

Ең ірі теракті былтыр тамыз айында әуежайда болды. Кемінде 200 адам қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG