Ссылки доступа

Футболдан әлем кубогы басталды


Ашылу салтанаты 
Ашылу салтанаты 

Катарда футболдан әлем чемпионаты басталды. Жарыстың алғашқы матчында Эквадор алаң иелері Катарды 2:0 есебімен жеңді. Алғашқы матчқа Таяу Шығыс елдерінің лидерлері келді.

Әлем чемпионаты араб елінде және Таяу Шығыста алғаш рет өтіп жатыр. Катардағы күн ыстық болғандықтан жарыс бірінше рет күз-қыс мезгілінде ұйымдастырылды.

Бұл жарыс Украинадағы соғыс тұсында басталды. Турнирге Ресей мен Украина қатыспайды, FIFA Кремль Украинаға басып кірген соң Ресей құрамасын бүкіл жарыстардан шектеген. Ал Украина құрамасы іріктеуден өте алмады.

Катар – абсолютті монархиялы ел, Freedom House құқық қорғау ұйымы Катарды "еркін емес елдердің" қатарына жатқызады. Халықаралық ұйымдар бұл елді ЛГБТ құқығын шектегені үшін, стадион салғанда еңбек мигранттардың құқығын бұзғаны үшін жиі сынайды. Елде гомосексуалдарды таспен ұрып өлтіруі мүмкін, бірақ бұл заңнама қазірге дейін орындалған жоқ.

Amnesty International ұйымы әлем чемпионаты стадиондарын салу кезінде 15-ке жуық адам қаза болғанын айтады.

FIFA президенті Джанни Инфантино әлем чемпионаты алдында Катарды адам құқықтарын бұзды деп айыптаған Батыс елдерінің әрекетін "екіжүзділік" деп атады.

"Біз, еуропалықтар, кейінгі үш мың жыл бойы істеген істеріміз үшін үш мың жыл бойы кешірім сұрауымыз керек. Осыдан кейін ғана біз моральдық баға бере аламыз" деді ол.

Инфантини Катар елінің билігі әлем чемпионаты кезінде барлығын, соның ішінде ЛГБТ өкілдерін де "қарсы алуға уәде берді" дейді.

XS
SM
MD
LG