Ссылки доступа

Қазақ мектептерінде бірінші сыныпта орыс және ағылшын тілдері оқытылмайтын болды 


Бірінші сыныпта бірден үш тіл оқытылмайды. Осылай деп оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді. 

Министрдің сөзінше, бірінші сыныпта тек қазақ тілі оқытылады, орыс және ағылшын тілін үйренердің алдында, ең алдымен ана тілінде оқып, жаза білуі керек. Ол бірінші сыныпта бірден үш тіл оқыған ауыр болады дейді.

"Екінші сыныптан бастап орыс тілі пәні енгізіледі, үшінші сыныпта ағылшын тілі оқытылады",- деді министр.

Алайда орыс мектебіне баратын бірінші сынып оқушыларына екі пән - орыс және қазақ тілі қатар оқытылады.

Осыған дейін мектептерде бірінші сыныптан үш тілді - қазақ, орыс және ағылшын тілі қатар оқытылатын. Ағылшын тілі пәні бірінші сыныпқа 2012 жылдан бастап енгізілген.

XS
SM
MD
LG