Ссылки доступа

Қазақстанда әскерге жарамды жастарды тағы күшпен ұстап әкетіп жатыр (видео)


В Казахстане полиция и военкомы ловят призывников: жители снимают видео и осуждают силовиков
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:53 0:00

Қазақстанда наурыздың басынан бері жастарды әскерге қабылдау науқаны жүріп жатыр, бірақ кейінгі апталарда әскерге жарамдыларды ұстау жиілеген.

Қазақстанның түрлі қалаларындағы тұрғындар әлеуметтік желілерде полиция мен әскери комиссариат қызметкерлері жастарды көшеде ұстап әкетіп жатқаны туралы жазды. Мұндай әрекеттердің арты төбелеске ұласып жатыр.

Полиция қызметкерлерінің жас жігітті күшпен ұстап алып бара жатқаны Ақтөбе қаласында видеоға түсіп қалды. Видео түсіріп тұрған азамат полиция қызметкерлерінің ерсі әрекеттерін айтқан.

«Мына автокөлікте отырған ер азамат көшеде өтіп бара жатқан жастарды тоқтатып, құжаттарын тексеріп жүр. Осының бәрін әскердің адамдары істейді. Сосын жас жігіттерді армияға алып кетеді. Тәртіп жоқ. ІІМ, жұмысты осылай атқаруға бола ма?» деп сұрайды тағы бір видеоның авторы.

Қорғаныс министрлігіндегілер әскер жасындағы азаматтардың көбі әскери комиссариатқа барғысы келмейтінін алға тартып отыр. Сол себепті, шенеуніктердің айтуынша, олар жастарды күшпен жеткізуге мәжбүр.

«Әскер жасындағы азаматтарды мәртебесін анықтау үшін қабылдау бөліміне жеткізеді. Әскерден босауға заңды себеп болса, босатылады. Әйтпесе медициналық комиссиядан өтеді. Әскерге жарамды деп танылса, оларды армияға жібереді» дейді Астана қаласы мобилизациялау департаменті басшысының орынбасары Руслан Омаров.

Қазақстанда жастарды әскерге қабылдау науқаны маусымның аяғында жабылады.

XS
SM
MD
LG