Ссылки доступа

Киев Мәскеумен келісуге не кедергі екенін айтты


Михаил Подоляк
Михаил Подоляк

Ресей әскерінің Мариуполь қаласын қоршауда ұстауы Киев пен Мәскеу келіссөздерін одан бетер қиындатып жіберді, деп мәлімдеді Украина президенті кеңсесі басшысының кеңесшісі Михаил Подоляк.

Жанжалдасушы тараптардың тікелей кездесуі енді қашан болатынын айту қиын дейді шенеунік. Ресейдің Донбасстағы шебін жаңа шабуылдармен нығайтуға ұмтылысы да келіссөздерге кедергі келтіріп отыр, деп мәлімдеді Подоляк.

19 сәуірде "ДХР" деп аталатын қарулы топтар "Азовсталь" металлургия комбинатын тағы да шабуылдайтынын жариялады. Бұл комбинат Мариуполь қаласының Ресей күштеріне қарсылық ошағына айналған. Жікшілдер әскери тобы басқарушылардың өкілі Эдуард Басуриннің айтуынша, нысанға шабуылдайтын топ арнайы іріктеуден өткен, оған "Ресей Федерациясы көмегін аямайды".

Сейсенбі күні Ресей қорғаныс министрлігі "Азовсталь" комбинатын қорғап жүрген украин жауынгерлерін өз еркімен берілуге шақырды. Ресей сәуір айында ғана Мариуполь қорғаушыларына осымен үшінші мәрте өтініш жаса отыр.

Ресей әскері мен "Донецк халық республикасы" делінетін жікшілдер Мариуполь қаласын наурыздың басында қоршауға алды. Содан бері қалада кескілескен ұрыс жүріп жатыр. Мәліметтерге қарағанда, Марипуольде үш мыңға жуық украин сарбазы бар. Олардың дені - "Азов" батальоны мен теңіз құрлық әскерінің 36-бригадасының сарбаздары.

XS
SM
MD
LG