Ссылки доступа

Солтүстік Кореяда бір тәулікте 167 мың адамның ковид жұқтырғаны анықталды


Лидер КНДР Ким Чен Ын впервые стал появляться на публике в маске

КХДР билігі елде бір тәулікте 167 650 адамның COVID-19 жұқтырғанын хабарлады. Бір науқас қайтыс болған.

Ресми статистиканы Корея орталық телеграф агенттігі Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық басқармаға сілтеме жасай отырып таратты.

Ресми билік ауруды безгек деп атайды7 Бас0арма есебіне сенсек, сәуірдің аяғынан бері 2,8 миллион адам ковид жұқтырған, 68 адам осы кеселден қайтыс болған. Солтүстік Кореяда коронавирустың таралуы жөнінде тәуелсіз мәлімет жоқ. Алайда ресми есептен-ақ аурудың өте қатты жылдамдықпен таралып жатқанын байқауға болады.

2022 жылғы мамырдың басында КХДР билігі өз аумағында COVID-19 тіркелгенін мойындады. Елде "төтенше карантин" жарияланды: мемлекет басшысы Ким Чен Ын аймақтарды оқшаулап, дәрі қорын жинақтауды бұйырды. "Дезинфекция" жөніндегі жұмысқа 200 мыңға жуық адам тартылды.

2021 жылы Солтүстік Корея ғаламдық вакцина алмасу бағдарламасынан да, Қытайдың Sinovac Biotech вакцинасынан да бас тартқан. Індет басталған уақытта Оңтүстік Корея, Қытай және АҚШ Солтүстік Кореяға тағы вакцина ұсынды. Ресми КХДР ұсынысқа жауап бермеді, бірақ Оңтүстік Кореяның бір шенеунігі CNN телеарнасына 23 мамырда Солтүстік Кореяның бір ұшағы Қытайға барып қайтқанын айтты.

Джон Хопкинс университетінің мәліметінше, 23 мамырда әлемде ковид жұқтырғандар 525 миллионнан асқан, 6,3 миллионға жуық адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG