Ссылки доступа

АҚШ Конгрессінде TikTok-қа тыйым салу бойынша тыңдау өтіп жатыр 


Слушания о возможном запрете TikTok в Конгрессе США
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:03:01 0:00

23 наурызда АҚШ Конгрессінде TikTok-тың бас директорының қатысуымен тыңдау өтіп жатыр. Ол Өкілдер палатасына бұл әлеуметтік желінің америкалықтар үшін қауіпсіз екенін дәлелдеуге тырысып жатыр. 

АҚШ-та TikTok тіркемесін 150 миллион адам қолданады. Конгресс Қытай билігінде желіге тіркелген америкалықтардың жеке мәліметі сақтаулы ма, осыны білгісі келеді. Егер анықталса, АҚШ аумағында бұл видеоплатформаға тыйым салынады.

Конгрессте сөз сөйлеген TikTok-тың бас директоры Шоу Цзы Чу жеке мәліметтің жарияланып кетуі мүмкін емес екенін, "үшінші мемлекет" компанияға мониторинг жүргізе алатынын жеткізді.

2023 жылдың наурыз айының соңында америкалық шенеуніктерге TikTok тіркемесін пайдалануға тыйым салу жөнінде заң күшіне енеді. Дәл осындай тыйымды алдын Ұлыбритания шенеуніктеріне және Еуропарламент депутаттарына енгізген.

АҚШ-та ФБР мен әділет министрлігі TikTok тіркемесі тиесілі ByteDance компаниясын тексеріп жатыр. Осыған дейін ByteDance компаниясы тәуелсіз журналистерді бақылауға алу үшін жеке мәліметті қолданған. Бұл оқиға жария болып кеткеннен кейін, ByteDance бірқатар қызметкерлерін жұмыстан шығарды. АҚШ бұл компания Қытай билігімен ымыралас деп күдіктенеді.

Бейжің болса, АҚШ-ты TikTok-ты америка нарығынан шығарғысы келеді деп айыптайды.

XS
SM
MD
LG