"Озоди" радиосы құқық қорғау органдарындағы бұлақтарына сілтеме жасап, журналист 12 тамызда Куляб қаласында ұсталғанын, содан бері қамауда отырғанын хабарлады.
"Ол мемлекеттік қызметкерге пара берген деп айыпталып жатыр. Куляб қалалық прокуратурасы оған "Пара беру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады", - деді дереккөз.
Оның сөзінше, Иброхим мемлекеттік қызметкерге газетті тіркеуді ұзарту үшін пара ұсынған.
Кейін журналистке "Қылмыс жасауға әрекет ету" бабы бойынша тағы бір айып тағылғаны хабарланды.
Тәжікстанның ресми органдары журналистің қамалғаны бойынша мәлімет бермеді.
Ахмад Иброхим 62 жаста. "Пайк" газеті ашылған 2012 жылдан бері ол сыни мақалалары үшін жергілікті билікпен соттасып, қаржылық қиындықтан шықпай қалған кездер болған.
2014 жылы облыстық прокуратура шешімімен газеттің қызметі уақытша тоқтатылған.
Мекеме мәліметінше, "Пайк" тіркеу мерзімін уақытында ұзартпай, бес ай бойы заңсыз шығарылып тұрған. Онда прокуратура редакцияға 400 сомони көлемінде айыппұл салған.