Осындай бастама көтерушілердің пікірінше, бұл дауысты есептеуді жеңілдетеді әрі сайлау учаскелеріне келмей қалғандар смартфон арқылы президентті және депутаттарды сайлай алады.
Әсіресе, бұл шетелде жүрген мигранттар үшін ыңғайлы болады дейді.
"Егер Қырғызстан парламенті электронды дауыс беруді қолдаса, бұл жүйе енгізіледі. Былтыр бұл жүйе жергілікті мәслихат депутаттарына сайлауда сынақтан өткен", - дейді Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Нұржан Шайлдабекова.
2023 жылдың жазында ОСК Баткен облысының үш ауылында жергілікті мәслихат депутататтарын сайлау кезінде электронды дауыс беру жүйесін сынап көрген. Оны дауыс берушілердің саны 100% болғаны айтылған. Ал 2021 жылдағы президент сайлауында сайлаушылардың 39% ғана дауыс беруге қатысқан.
Бұл жүйе Ресейде де осындай көрсеткіш берді: Ресейдің Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, наурыз айындағы президент сайлауында 4,5 миллион ресейлік электрондық дауыс беру платформасын қолданған. Бұл бойынша сайлауға қатысушылар рекордтық көрсеткіш - 94% құраған.