Ссылки доступа

Қырғызстанда Асқар Ақаевқа қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды


Асқар Ақаев
Асқар Ақаев

Қырғызстанда Құмтөр кенішін игеруге байланысты бұрынғы президент Асқар Ақаев үстінен қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды. Бұл жөнінде Қырғызстан бас прокуратурасының баспасөз қызметіне сүйенген Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады.

Құзырлы орган мәліметінше, қылмыстық іс мерзімі өтіп кетуіне байланысты тоқтаған.

2021 жылы Асқар Ақаев "Құмтөр ісі" бойынша тергеу органдарына жауап беру үшін Қырғызстанға екі рет ұшып келді. ҰҚМК сол кезде Ақаевқа 1992 жылы "Камеко" компаниясымен келісім жасау және 2003 жылғы "Құмтөрді" қайта құрылымдау мәселесі бойынша жаңа айып тағылғанын мәлімдеген. ҰҚМК өкілдерінің айтуынша, ол "жоғарыда айтылған қылмыстарды жасағанын толық мойындап, тергеу органдарымен ынтымақтастық орнатқан, ал оның елден кіріп-шығуы алдын ала тергеушімен келісіледі".

Асқар Ақаев 1991-2005 жылдары Қырғызстан президенті болған. 2005 жылы 24 наурызда "қызғалдақ революциясы" кезінде Мәскеуге қашып кеткен. Кейін отставкаға кетті.

XS
SM
MD
LG