Ссылки доступа

Қырғызстанда 5 сәуірден бастап ресейлік "Мир" карталарын қабылдау тоқтайды


Қырғызстанда 5 сәуірден бастап Ресейдің "Мир" карталарын қабылдау тоқтайды. Бұл жөнінде Қырғызстанның Банктер аралық процессинг орталығы мәлімдеді.

Мұндай шешім қабылдауға АҚШ-тың Қаржы министрлігінің Ресейге қарсы енгізген экономикалық санкциясы себеп болған.

Шешімге сәйкес, Қырғызстан аймағында банкоматтар "Мир" карталарын қабылдауды тоқтатып, интернет төлем жүргізбейді.

АҚШ "Мир" карталарының операторы есептелетін Ресейдің "Ұлттық төлем карталар системасы" компаниясына санкция салған. Бірақ былтыр АҚШ президенті Джо Байден Ресейге салынған санкцияларды бұзған барлық ұйымдарға қарсы санкция салатын жарлыққа қол қойған.

XS
SM
MD
LG