Ссылки доступа

"Құмтөрдегі" бір кенде жұмыс тоқтап тұр


Президент Кыргызстана Садыр Жапаров (справа) и представители золотодобывающей компании на руднике "Кумтор"
Президент Кыргызстана Садыр Жапаров (справа) и представители золотодобывающей компании на руднике "Кумтор"

Қырғызстанда "Құмтөр" алтын өндіретін кәсіпорындағы бір кенде жарық пайда болып, соның салдарынан өндірісін шұңқырының бір жағы опырылып түсуі мүмкін. Кендегі техника мен жұмысшылар қауіпсіз жерге шығарылды.

В Кыргызстане с рудника "Кумтор" эвакуировали часть персонала из-за угрозы схода породы
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:21 0:00

Жұмыс бір ғана кенде тоқтап тұр. Қалғандарында әдеттегідей жұмыс жүріп жатыр, деп хабарлады компания. Үкімет басшысы Ақылбек Жапаровтың нұсқауымен мекемеаралық комиссия құрылған. Содан бері үш апта өтті, жұмыс тобының қорытындысы әзірге белгісіз.

"Геология және тектоника тұрғысынан алғанда, Құмтөр өте күрделі кеніш. Қазір біз жер қыртысының қозғалу себептерін анықтап жатырмыз. 2002 жылы да жарық пайда болып, табиғи жыныс қозғалған", - деді "Құмтөр Голд Компанидің" тау-кен бөлімінің менеджері Алмаз Чомокеев.

Президент Садыр Жапаровтың айтуынша, кеніш әубаста дұрыс игерілмеген. Соның салдарынан мұнда түрлі жағдайлар болып тұрған. Мемлекет басшысы "Кабар" мемлекеттік агенттігіне берген сұхбатында осылай деген.

"Кенішті біліксіз адамдар басқарды. Сол себепті онда апаттар көп болды. Жүзге жуық адам қаза болды. 2019 жылы екі адам қаза тапты. Олардың мәйіті де табылмады", - деді президент.

"Құмтөр" - Қырғызстандағы ең ірі алтын кені. Мұнда жылына 15 тоннаға жуық алтын өндіріледі.

Полгода назад новые власти Кыргызстана взяли под контроль добычу золота на руднике Кумтор. Что изменилось?
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:05 0:00
XS
SM
MD
LG