Крылова – "Адам құқықтары үшін" қозғалысының бұрынғы баспасөз хатшысы. Ол Ресей билігі экстремист деп таныған "Солшыл қарсылық" қозғалысына да қатысқан. Ресейде Крыловаға және қозғалыстың бес мүшесіне қатысты экстремистік ұйым құрды деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.
Алёна Крылованы еліне экстрадициялау мақсатында ұстаған. Бірақ қазір ол әлі Қырғызстанда ма, жоқ па, белгісіз.
Соңғы маусым айында Қырғызстанда осымен ресейлік үшінші белсенді ұсталды. 6 маусымда Алексей Рожков, 9 маусымда Лев Скорякин қамауға алынған.