Ссылки доступа

Қырғызстанда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды


2023 жылғы 1 қаңтардан бастап Қырғызстанда мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық шараларда фонограммамен ән айтуға тыйым салынды. Қырғызстанның мәдениет, ақпарат, спорт және жастар саясаты министрі Алтынбек Мақсұтов осындай бұйрыққа қол қойды.

Құжатқа сәйкес, театр, кинозал, музей, клуб, кітапхана, спорт мекемесі сияқты орындарда фонограммамен ән айтуға болмайды.

Қырғызстан министрлер кабинетінің ұстанымы бойынша, бұйрық талабы бұзылған жағдайда шараны ұйымдастырған мекеме басшылығы жауапқа тартылады.

2021 жылғы ақпанда Қырғызстан мәдениет министрлігі концерт ұйымдастырушылар афишаға шарада орындалатын әндер фонограммамен я жанды дауыста айтылатынын ескертуі керек деген норма енгізуді ұсынған.

Қырғызстанда фонограммамен ән айтуға тыйым салу мәселесі бірнеше жылдан беру айтылып келеді. Кейбіреулер фонограммаға толық тыйым салу керек десе, енді бірі дыбыстың сапасына басымдық беру керек деп санайды.

XS
SM
MD
LG