Ссылки доступа

Мьянмада төрт оппозиционер өлім жазасына кесілді 


Мьянмада өлім жазасына тартылған белсенділер Фио Зейя Тоу және Чжо Мин Ю
Мьянмада өлім жазасына тартылған белсенділер Фио Зейя Тоу және Чжо Мин Ю

Мьянма әскери билігі халықаралық қауымдастықтың айыптауына қарамастан, оппозицияның төрт белсендісін өлім жазасына кесті. Бұл туралы жергілікті ақпарат құралдары мәлімдеді. Бұл - 1980-жылдардың аяғынан бері бірінші рет қолданып отырған ауыр жаза.

Өлім жазасына тартылғандар негізінен биліктен қуылған Аун Сан Су Чжин партиясының жақтастары болды. Олардың арасында бұрынғы депутат, рэпер Фио Зейя Тоу және белсенді, жазушы Чжо Мин Ю бар. Оларға елде террористік әрекет жасап, төңкеріс жасамақ болды деген айып тақты.

Саяси тұтқындарға жәрдем берген ұйым мәліметіне қарағанда, былтырғы төңкерістен кейін Мьянмада 2100-ден астам адам қауіпсіздік күштерінің қолынан қаза тапқан.

Human Rights Watch халықаралық құқық қорғау ұйымы белсенділерді өлім жазасына тартпауын сұрап келген.

XS
SM
MD
LG